Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Коронавирусқа тест өткізетін дәрігерлер қандай жағдайда өмір сүріп, жұмыс істейді

191

Бүгінде Раушан Базарбай басқаратын 25 адамнан тұратын команда коронавирус бойынша тест өткізеді.

— Біз карантинге байланысты уақытша жұмыс істемейтіндерге жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, кішкентай балалары бар қызметкерлерді үйге жібердік, — дейді Раушан.

Бұл 50 жастан асқан дәрігерлерге де әсер етті. Жалпы, қауіпті инфекция сынақтарымен жұмыс істеу үшін тек жас және дені сау қызметкерлер қалды. Олар клиникада тұрады және отбасыларымен байланыспайды.

— Егер қызметкерге шұғыл түрде үйге бару керек болса, біз оны тест нәтижесін алғанға дейін оқшаулаймыз. Ал ПТР мен экспресс-тесттерді компания есебінен өткіземіз.

Вирусқа қарсы терапия курсы

Раушан Базарбай ең алдымен клиниканы вирусқа қарсы препараттармен және антибиотиктермен қамтамасыз етті.

— КВИ тақырыбы бойынша бірінші жиналыста барлық қызметкерді вирусқа қарсы иммуномоделдеу терапиясының алдын алу курсынан өтуге мәжбүрледім. Барлық қызметкерге виферон тығындәрілері таратылды. Қоймаға ЖРВИ және ЖРЗ сериясынан дәрі-дәрмектерін толтырып тастадық.

Одан кейін 50 адам күн сайын қорғаныс құралдарын ауыстырып отыруы үшін ЖҚҚ және басқа да барлық қорғау атрибутын жеткізу жолға қойылды. Сонымен қатар, жас мамандарды ЖҚҚ-ны сауатты киіп, шешуге үйреттік.

— Оқу бір ай бойы, күрн сайын жүргізілді. Мамандардың обаға қарсы костюмдерді көзін жұмып тұрып, дұрыс киіп, шеше алатын жағдайға дейін жеткіздік

Бұның бәрі хаттамада жазылған.

Мамандарды толық оқшаулау

Клиника басшылығы қызметкерлердің 4 мезгіл құнарлы тамақтануына, толық ұйықтауына, жаттығу залында шынығуына, бассейнде жүзіп демалуына мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ жемістер, шырындар, компот, айран берілді.

Раушан сынақтармен жұмыс істеу кезеңінде қауіп-қатердің артқанын ескере отырып, қызметкерлерлдің жалақысын көтергенін айтады.

Қызметкерлердің барлық отбасы мүшелері ресми қағазға қол қойып, олардың ұлы/қызы/әйелі/күйеуі/ағасының және т.б. COVID-19 тестілеу жобасында жұмыс істеуіне және біршама уақыт клиникада  өмір сүруіне рұқсат берді.

Және отбасының әрбір мүшесі карантиндік шараларды барынша ұстануға міндеттенеді.

Дәрігерлердің тест тапсыруы

Компания есебінен әрбір үш күн сайын коронавирусқа тест жүргізіледі.

— Сонымен қатар, біз күнде әр екі сағат сайын температурасы, сатурация, қан қысымы өлшенеді.

Көшпелі бригадалардың барлық мүшелеріне дала жағдайында жұмыс істегені үшін

негізгі жалақыға 100-150 мың теңге мөлшерінде үстемеақы төленді

Тест өткізу үшін шыққан іссапар кезінде дәрігерлердің өмір сүру, тамақтану жағдайлары мен қызметі қатаң бақыланады.

— Клиникада тестілеу өткізетін әрбір адамның дұрыс жабдықталуын қадағалайтын оқытылған маман бар. Ол ЖҚҚ-ны киіп, шешуге көмектеседі және  қызметкерлерді қорғауға толық жауапты болады. Оның міндеті мамандарды қорғау шараларына үйрету және қадағалау.

Дәрігерлердің демалысы

Эмоционалдық күйзеліс синдромының алдын алу үшін клиника қызметкерлерге демалыс күнін ұсынады, мәдени бағдарламалармен де қамтамасыз етеді.

— Мұның барлығы мемлекеттік қолдау мен субсидиясыз жасалады. Мен инвесторлардың алдында әрбір тиын-тебенді қорғап шығамын. Олар да барынша қолдауда. Мен бұл пандемияның қанша уақытқа созылатынын білмеймін, бірақ осы қиын кезеңде алған тәжірибеміз біздің команданың әрбір мүшесі үшін құнды болатынын білемін.

Бұл ретте Раушан Базарбай халықты дәрігерлерге сенім білдіруге шақырды

— Дәрігерлер мен сіздің денсаулығыңызды қорғағандарды кемсітпеңіздер! Смартфондарыңызды үйде қалдырып, ақ халат киген адамдарды камераға түсіріп, әлеуметтік желілерде қорқытуды тоқтатыңыздар!

Дәрігерлер де эмоционалдық тұрғыдан шаршады, олардың да жүйке жүйесі бар, темірден емес ет пен сүйектен жаралған. Өкінішке орай, олардың арасында да қайтыс болғандар көп.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз