Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Екінші карантиннің шектеу шараларын жан-жақты ойластырған жөн — экономист қателіктерді қайталамауға шақырды

179
Сурет: Алматылық гарнизонның баспасөз қызметі

«Бізде локдаун деген жаңа термин пайда болды, бірақ оны нокдауынмен шатастыруға болмайды. Нокдаун деген құлатып, жерге жатқызу дегенді білдіреді, ал лакдауын жауып қамап тастау. Сондықтан осы локдаунның  16 наурыздағыдай 2.0 ТЖ режиміне айналмауы өте маңызды.

16 наурызда өте дұрыс шешім қабылданды және инфекциямен күресте жақсы нәтиже берді, бірақ үлкен соққы болды. Қаланы жауып, тіпті қаланың ішіндегі қозғалысқа шектеу қойылды. Ол кезде бұл түсінікті және нәтижесін көрсеткен шешім болды

Бірақ бүгінде осындай шешім қабылдау үлкен ақымақтық болады, барлығына мұқият қарау керек

Президент Үкіметке тиісті шаралар қабылдау үшін  2 күн уақыт берді, бұл мерзімнің ішінде смарт-локдаунды ойластыру керек. Смарт-локдаун ең үздік әлемдік тәжірибеге сүйенгені жөн, Корея, Қытай, Еуропа, Нью-Йорк штаты вируспен  бірге өмір сүріп, жұмыс істеуге болатынын көрсетті. Біз тәжірибе жасаудан қорықпауымыз керек, біздің жағдайымыз өзіне тән ерекшілігі бар», — деп жазды Чукин Facebook-те.

Ол экономиканы және халықтың қалыпты өмір сүруін бұзбайтын шектеу шараларын енгізудің бірнеше нұсқаларын келтірді.

«Тәжірибе көрсеткендей, ауадағы қоғамдық тамақтану салыстырмалы түрде қауіпсіз, жұқтыру деңгейі айтарлықтай төмен. Алайда, жабық ғимарат ішіндегі адамдардың топтасып тамақтануы  қауіпті. Бұл жерде арақашықтықты сақтау да көмектеспейді, бір үстелге төрт адамнан артық отыруға болмайды деген де бос әңгіме.  Ешкім де жүз пайыз сеніммен айта алмайды, бірақ барлығына кондиционерлер мен жабық желдету кінәлі болуы мүмкін. Сіздің қай жерде отырғаныңыз маңызды емес, кондиционер ауаны шеңбер арқылы айдап, біреудің тыныс жолынан шыққан вирусты бүкіл залға ұшып таратады.

Губернатор Куомо Нью-Йорк штатында тек HEPA сүзгілері орнатылған кондиционерлері бар мекемелер ашылады деп мәлімдеді. (HEPA — операция кезінде және ғарышта қолданылатын технология. Илон Маск қосымша ақы төлесе, осы сүзгілерді «Теслаға» орнатып береді). Бұл сүзгілердегі ұяшықтар вирустардан 10 есе кішкентай, сондықтан олар тиімді. Бірақ олар әдеттегі бағадан 10-20 есе қымбат.

Қорытынды: ойлау керек … Біз осы қызметтің жұмыс істеуі үшін бір амалын тауып,  төрт аптаға емес, бір-екі жылға алдыға ойлануымыз керек.  Бір жылы бойы жастардың үйлену тойын жасауына тыйым сала алмаймыз. Шатыр астында той өткізуге рұқсат беріп, үстелдерді 2 метр арақашықтықпен қою керек шығар.

Әуе қатынастары және көршілермен халықаралық байланыс. Әрине шекараларды жабу оңай. Бірақ неге қол жеткізгіміз келеді, бұл әдіс қаншалықты дұрыс деп жан-жақты ойлануымыз керек. Бүгінде біз емес, көршілер бізбен шекарасын жабуы керек, себебі еліміздегі вирус жұқтыру деңгейі басқаларға қарағанда жоғары.

Сыртқы шекаралардан келетін қауіп төмен, себебі салыстырмалы түрде сырттан келетіндер ағымы аз

Яғни, әлемнен жырақтанудың пайдасы аз. Ал одан келетін шығын ұшан-теңіз. Біз барлық бизнес байланыстарды тоқтатамыз, мамандар елге кіре де, шыға да алмай қалады, нәтижесінде жобалар тоқтап, мерзімі өтіп кетеді. Студенттер оқуларына бара алмайды. Туыстар тіпті жақындарының жерлеуіне де қатыспайды.

Қаланы қала маңындағы елді мекендерді де жабудың да мәні жоқ

Біріншіден бұл қалада тұрмайтын адамдарға жасалған рақымсыздық, біз оларды медициналық және басқа да қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырамыз. Екіншіден, олар бізде жоқ қандай нәрсені алып келуі мүмкін. Қазір вирус барлық жерде таралған сәтте, бұндай шектеу шарасының еш мәні жоқ.

Реттейтін, араласуды қажет етпейтін мәселелер өте көп. Кеш болмай тұрғанда, барлығымыз кеңесіп шешім қабылдайық. Ең бастысы вирус адамдар мен ғимаратты жақсы көреді. Сондықтан топтасып жабық ғимараттарда жиналудың қажеті жоқ. Бастапқыда Нью-Йорктің шетіндегі елді мекенде бір адам діни қызметке жиналған 600 адамға вирус жұқтырған», — деп түйіндеді Чукин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз