Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Интерполдың Қазақстандағы өкілдігінің бұрынғы басшысы қайынатасымен соттасып жүр

167

Білім саласының еңбегі сіңген қызметкері Төлеш Мәжікеев осындай жасына келгенде табалдырықтан табалдырық тоздырып жүрем деп ойламаса керек. Бұрынғы күйеу баласы келіп, қайынатасынан несиеге ақша алып беруді сұраған. Төлеш ағаның зайыбы қызының аруағы үшін күйеу баламызға көмектесейік деп көндіріпті. Кейіннен белгілі болғандай, пәтер келіскендей 2 жылға емес, 20 жылға кепілге қойылған болып шыққан, ал алған несие ақша да аз емес, бақандай – 37 миллион теңге.

Төлеш Мәжікеев:

– Мен ипотекалық келісімшарт туралы 2015 жылы ғана білдім. Оған дейін ипотека дегенннің не екенін білмегенмін. Банк қызметкерлері бізге келіп немесе хабарласып, қандай да бір әңгіме-дүкен құрған емес.

Тағы белгілі болғандай, қариялар мұраға қалдыру туралы құжатқа қол қойған болып шығады. Заңгерлердің көмегімен қарт адамдардың нендей құжаттарға қол қойып жатқанын білмегені дәлелденген. Осы уақыт аралығында бәйбішінен айырылып үлгерген Төлеш аға соңғы сотта жеңеді. Бірақ күйеу бала соттың бұл шешіміне қарсы шағымданбақ. Адвокаттар да төбе көрсете бастады.

Адвокат Қарықболовтың мәлімдеуінше, ол өзінің қорғалушысының атақ-абыройын ақтап алмақ. Оған пәтер мәселесінің еш қатысы жоқ көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз