Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Информатика пәні 1 және 2 сыныптан бастап оқытылады – Ерлан Сағадиев

112

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында келер жылдары информатика пәні 1 және 2-сыныптардан бастап жүргізілетін болады. Олардың бағдарламалары дайындалып жатыр.

Цифрлық білім беру ресурстары белсенді түрде қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді. Енді оларды ұстаздар дұрыстап қолдануы тиіс”, — дейді Сағадиев.

Сондай-ақ,   білім беру саласындағы мәселелер, білім беруді одан әрі дамыту, мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар талқыланды.

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға.

Конференция Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” жолдауында және “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.

 

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз