Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Инфляция деңгейі артып, теңге құнсызданады, бірақ экономика қайта қалпына келеді — сарапшылар

221
Сурет: finance.bigmir.net

ҚҚҚ-дағы сауалнаманың жалпы нәтижелері бес негізгі тезис түрінде ұсынылды.  Сарапшылар олардың әрқайсысына қатысты пікірін білдіреді.

Желтоқсандағы теңге бағамы: бір доллар 435,3 теңге

Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, теңгеге әлі де қысым көрсетілуде. Орташа болжамға сәйкес, желтоқсан айының басында америка валютасының құны 435,3 теңгені құрайды. Бұл ағымдағы мәндерден айтарлықтай жоғары (18 қарашадағы ресми бағам – 428,13 теңге). Яғни, айдың соңына дейін ұлттық валюта тағы 1,7% әлсіреуі мүмкін.

Егер теңгенің келешегіне неғұрлым алыс перспективада қарайтын болсақ, онда да тұрақтылық жоқ. 12 айға жоспарланған орташа бағам 445,6 теңгені құрайды. Айта кетейік, ҚҚҚ сауалнамасына қатысушылар ұлттық валютаны бұрын соңды осынша төмен бағалаған емес.

Наурыз айының өзінде барынша пессимистік көңіл-күй болған кезде де, бір жылға арналған бағамға жасалған болжам 435 теңгеден асып кетті. Алайда, соңғы айларда жағдай өзгерді. Тамыз айынан бастап респонденттер бір жылдан кейін қазақстандық валюта шамамен 440 теңге тұрады деп болжайды. Енді 445 деген мән де айтылуда.

 

Brent  мұнайының баррелі $40 деңгейінде сақталады

Мұнай нарығына дәстүрлі түрде көптеген фактор әсер етеді. Вакцинаның дайындық деңгейі туралы жаңалықтар бағаны көтерсе, жаңа локдаунға қатысты қауесет төмендетеді.

Сонымен қатар ОПЕК+ келісіміне, АҚШ-тағы тақтатас өндірісінің перспективасына қатысты белгісіздік, Ираннан санкцияларды алып тастау, Ливиядағы өндірістің өсуі мәселесі де бар.

Әзірге Brent барреліне 40 доллардан жоғары. Сарапшылардың пікірінше кем дегенде желтоқсанға дейін осы деңгейде қалады. Орташа болжамға сәйкес,  мұнайдың бір бөшкесі 40,9 долларға сатылады.

Болашақта көтерілуі мүмкін, бірақ бұл нақты емес. Сауалнамаға сәйкес, 12 айдан кейін Brent баррелінің орташа құны 46,5 долларды құрайды. Бұл қазан айындағы болжамнан ($45.1), бірақ алдыңғы екі айға қарағанда төмен.

Атап айтқанда, 2019 жылдың қараша айында респонденттер Brent бағасы 60,3 долларды құрайды деп болжады. Бұл қазіргі шамадан бір жарым есе көп.

Базалық мөлшерлеме: бізге тұрақтылық керек

Респонденттердің 90%-дан астамы келесі отырыста базалық мөлшерлеменің жылдық 9% деңгейінде сақталады деп болжады. Бірақ сарапшылар ақша-кредит саясатының біртіндеп жеңілдейтініне көп сенім артпайды.

Олар жеті ай қатарынан  бір жылдан кейін базалық мөлшерлеме қазіргіден төмен болады деп болжады. Қараша айында бұлай болмады. Орташа болжам дәл қазіргідей  9%-ды құрайды.

Ұлттық Банктің келесі шешімі 14 желтоқсанда қабылданады. Сарапшылар өзгерістерді күтудің қажеті жоқ екеніне бірауыздан сенімді. Мұның өз себебі де бар, алдыңғы шешім қабылдау кезінде қазіргі мөлшерге әсер ететін негізгі себептер аталды. Содан бері  көп нәрсе өзгермеді.

Экономика: жақсыға үміттенеміз

Сарапшылар экономиканың қарқыны қалпына келетініне әлі де үміт артып отыр. Соңғы жарты жылда бесінші рет оң болжам жасалды. Сонымен қатар, алғаш рет жақсы өзгеріс болды. Егер қазан айында ЖІӨ өсу қарқыны бойынша орташа болжам бір жыл бұрын 1,7%-ды құраса, қараша айында 2,3%-ды құрады. Бұл ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ең жоғары баға.

Инфляция: болжам аса жақсы емес

Қазан айындағы сауалнама сарапшылардың болашақ инфляцияға деген үміттері едәуір жақсарғанын көрсетті: бір ай бұрын 7,7% болса, қазір  7,2%. Қараша айында жағдай қайтадан өзгерді. Келесі 12 айдағы бағаның өсуіне қатысты орташа болжам 7,3%-ды құрады. Бірақ бұл соңғы айлардағы ең төменгі көрсеткіштің бірі.

Инфляцияның қарқыны артатыны туралы сарапшылар ғана айтып отырған жоқ. Ұлттық Банктің деректері бойынша инфляциялық болжам бір жыл бұрын, қазан айындағы инфляцияның (2020 жылғы қыркүйек– 6,5%) нақты деңгейінен асып, 7,3%- ға дейін өсті.

«Қазан айындағы сауалнамасының қорытындысы бойынша ағымдағы өсу қарқынының сақталуын немесе келесі 12 ай ішінде бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 51%-ға дейін жетті (қыркүйекте –  49%).

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтер бағасының болашақ динамикасын бағалаудағы белгісіздік деңгейі сауалнаманың бүкіл тарихында ең жоғары мәнге жетті. Осылайша, сұралғандардың 29%-ы болжам жасауға қиналды», — деп атап өтті МККК директорының орынбасары Денис Чернявский.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз