Белгілі журналист Руслан Өтепбай блогер Ілияс Сариевке қатысты тың мәліметтерді бөлісті. Журналисттің айтуынша, қолына түскен деректер Ілияс Сариевтің бұған дейін де ауыр қылмыс жасап, сотталғанын көрсетеді.
«Соттың шешімімен Ілияс Сариев 2 айға қамауға алынды. Егер кінәсі заңмен дәленденсе бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арызданушылардың саны мен шығындардың мөлшері көбейіп жатса, жазаның ауырлайтыны анық»,- деді Руслан Өтепбай.
Сондай-ақ, ол Сариевтің бұрын да ұқсас ауыр қылмыстарға байланысты істі болғанын және қазіргі қылмысқа күдік тудырған сәтте пробациялық бақылауда жүргенін жазды.