Семейде жануарға жасалған қатыгездік жұрттың жағасын ұстатты. Итті ағашқа шынжырмен асып, өлімге итермелеген адам – 67 жастағы әйел екені анықталды. Жануар өзін құтқаруға тырысқан, ағаш қабығы жұлынған, алайда ит аман қалмаған.
Күдікті иттің өз иесі. Зейнеткер кінәсін мойындағанымен, әрекетінің себебін түсіндірмеді. Қазір бұл іске байланысты сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Құқықтық баға сотта беріледі.