Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Илья Ильиннің шешіміне қатысты бас бапкер пікір білдірді

1266

Тілшінің осы сұрағына ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников жауап берді.

«Иә, расымен де, Илья Ильин бұл стартқа – 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайды. Оның ескі жарақаты сыр берді, сондықтан оған қандай да бір ауыр жүктемелерге тыйым салынған. Соған қарамастан, спортшы командамызды қолдау үшін Ашхабадқа келді», – деді Юрий Мельников.

Бас бапкердің айтуынша, Илья Ильин олимпиадалық лицензия үшін алдағы уақытта да сынға түсе алады. Мәселен, келесі жылдың сәуір айында Азия чемпионаты өтеді.

«Ол жарысқа Илья да қатыса алады», – дейді Юрий Мельников.

Айта кетсек, бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлет Илья Ильиннің Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайтынын жазған еді.
Sport.kz сайтына сұхбат берген спортшының өзі омыртқасындағы жарақатына байланысты бұл чемпионатқа бармайтынын айтты.

«Шынын айтсам, ары қарайғы спорттық мансабымның өзі үлкен сұраққа айналып тұр», – деген еді Илья Ильин.

Илья Ильин әлем чемпионатына қатыспайтынын айтты

Еске салайық, бір ай бұрын биылғы Әлем чемпионатына қатысатын ҚР құрамасының құрамы жарияланған еді.

Тізімде допингпен байланысты жағдайдан соң жарыстардан шеттетілген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бар болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз