Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Илья Ильин әлем чемпионатына қатыспайтынын айтты

“Мен әлем чемпионатына қатыспайтынымды Қазақстан халқына қалай айтсам екен деп көп ойландым. Ақыры бір шешімге келіп осы жерде қазір айтуға бел будым. Мен әлем чемпионатына омыртқа жарақатына байланыста қатыса алмайтын болдым. Шынын айту керек ары қарайғы менің спорттық карьерам қалай болатыны белгісіз.

Бірақ, мұңайып,ренжімеймін бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Ашхабадқа жаттықтырушы ретінде барамын. Алаңға Нижат Рахимовты алып шығамын, біз онымен бір жыл бірге жұмыс істедік. Сол сияқты Зульфия Чиншанломен де. Мен өз командамыздың жаттықтырушыларына көмектсетін боламын. Бір сөзбен айтқанда, әлем чемпионатында мен ойнайтын жаттықтырушы ретінде қатысамын”,деді Илья Ильин.

Жарыс алдында Қазақстандықтарға чемпионаттан бас тартуымның себебін айтпай кете алмайтынын айтты.

“Ауыр атлетика әлемінде менің жарысқа қатыспайтынымды түсінді. Бұл жаңалықты естігенде бәрі таңқалды. Не деуге болады, екі жыл алаңға шығып, жарысқа қатыспадым. 8-9 ай ғана дайындалдым, әлем чемпионатына қатысу үшін бұл өте аз уақыт. Жасым 30-ға келді, денсаулығым сыр бере бастады.

Соңғы кездері денсаулығыма байланысты дайындықтарға қатыса алмадым. Осыған байланысты басшылықпен сөлесуім керек.Әзірше олардың мені қайда жіберетіндері белгісіз.Дәрігерлер консилиумын өткізеді”.

Спортшының айтуына қарағанда ,егер дәрігерлер рұқсат берсе 2019 жылы сәуір айында  өтетін Азия чемпионатына қатысуы мүмкін екенін де айтып қалды.

“Бұл менің соңғы мүмкіндігім. Егер соған дайындалып үлгерсем және жеңімпаз болсам, онда олимпиадалық ойындарға лицензия алу үшін күресемін. Басқаша болып шықса онда спорттық мансабымды аяқтауыма тура келеді.

Өкінішті, бірақ бұл шындық. Мен бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Бапкерлерімде бәрі жақсы болады және біздің бұл қиыншылықтан да өтетінімізге сенеді”,дейді Илья.

 Оның сөзіне қарағанда ауруы 2016 жылы анықталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз