Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Илья Илин халықаралық федерацияның допинг сараптама нәтижесіне қатысты мәлімдеме жасады

„Бұл ақпарат мен үшін ашық күнде төбеме түскен жайдай болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес, мен жайындағы барлық ақпарат «ADAMS» халықаралық жүйесінде тұр. Онда менің өмірімнің әрбір сағаты жаттығудан тыс кезімдегі немесе демалыс уақытымдағы тұрғылықты жерім көрсетіле отырып кестеленген.

Мен үнемі ашықпын және Допингке қарсы агенттіктің бақылаушылары үшін қолжетімдімін. Осы жылдың өзінде мен жаттығу жиыны кезінде Польшада және Алматы қаласында 2 рет допинг бақылау тапсырдым. Өздеріңізде білетіндей, бір де бір халықаралық жарыс допинг бақылаусыз өтпейді. Менде спортшы ретінде 2004 жылдан бері допинг сынақ тапсырып келемін. Әр уақытта да допинг анықталған емес„, – деп жазды спортшы Инстраграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар ол Рио Олимпиадасына дайындығын жалғастырып жатқандығын, бұл істің ақ-қарасын соңына дейін анықтауға баратындығын ашық айтты.

«Шілде айының ортасына дейін Олимпиадаға қатысуға өтініш жолдауға үлгеретіндей уақытым бар. Біздер менің атыма айтылған барлық жөнсіз және негізсіз айыптауларды теріске шығарып,дәлелдей аламыз деп ойлаймын. Маған қатысты қандай шешім қабылданса да Сіздер білгендеріңізді қалаймын: мен өзімнің шамамен 20 жыл ғұмырымда күн сайын 3 сағат бойы маңдайымнан тер сауғалап, спорт залында өткіземін.

Мен әр уақытта да өз елімнің, өз халқымның алдындағы жауапкершіліктің мойныма артылғанын сезінетінмін және әрқашан тек жеңіс үшін еңбектендім. Осы жылдар бойы сіздер қиын күндері де, қуанышты күндерде де маған қолдау көрсеттіңіздер. Қазір де сіздер қолдау білдіресіздер деп үміттенемін. Сіздердің Илья Ильиндеріңіз», – деп жазды даңқты спортшы.

Алдында Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың қанынан зиянды заттар табылғанын, ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация олардың ісі жабылғанша спорттан шеттететінін хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз