Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ильиннің «алтыны» Молдова зілтеміршісіне бұйыруы мүмкін

Лондон олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Илья Ильиннің допинг-сынамасы да қайта тексеруден соң оң нәтиже көрсетті.

Демек, үздік шыққан жеті спортшының бесеуінде допинг-сынама оң нәтиже көрсеткендіктен, Лондон ойындарының алтын медалі үшінші орынды иеленген молдовалық Анатолий Кырыкуға бұйырады.

«Күміс» сол кезде бесінші болған ирандық Саед Мохаммадпурға, «қола» сегізінші орынға табан тіреген кореялық Ким Мин Джеге беріледі.

Айта кетейік, қазіргі таңда Кырыку спорттан сегіз жылға шеттетілді. Ол 2015 жылғы Еуропа чемпионатының қорытындысы бойынша допингпен ұсталды. Оның қанынан метенолон табылды. Алайда, ол Лондон Олимпиадасында ешқандай тыйым салынған зат қолданбағаны анықталып отыр.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасына сегіз спортшымен аттанады. Олар: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін), сондай-ақ Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Кеше еліміздің боксшылары Риоға аттанып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз