Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Вице-премьер депутаттарға игерілмей қалған қаржы туралы есеп берді

Үкімет басшысының орынбасары депутаттар сауалына жауап бере келе, тиімсіз пайдаланылған қаражаттар мәселесіне де тоқталды.

– Біз былтырдан бастап жаңа жүйемен жұмыс істеп келеміз. Тиімсіз пайдаланылды делінетін 232 млрд теңгеге келсек, ол, негізінен, мемлекеттік органдардың шоттарында қалған қалдықтар, одан кейін қайтарылған кредиттер мен трансферттерді құрайды. Ал Есеп комитетінің көрсеткен сомасына келсек, олар 232 млрд теңгеге қоса, тексеру комиссияларының анықтаған заң бұзушылықтарын да қосып отыр. Біз онымен келісеміз, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының орынбасары бюджетті атқарудағы жауапкершілікке тоқтала келе, былтырғы жылы 53 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік аудит құрылған. Бұл да қаржылық заң бұзушылықтардың төмендеуіне септігін тигізетін болады.

– Біз бюджетке қатысты жауапкершілікті арттыру мақсатында бюджеттік кодекске өзгерістер енгізбекшіміз. Ол бойынша жұмыс тобы құрылды. Біз алдағы уақытта заң жобасын Парламентке ұсынатын боламыз, – деді вице-премьер.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз