Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте иесі табылмаған 111 мың долларды мемлекет алатын болды

Тәркілеуді ресімдеген шекара сақшылары бүкіл материалды көліктегі полицейлерге тапсырып, олар контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ұшақтан 111 мың доллар табылғалы бері жеті жыл өтсе де, иесі анықталмады. Осы уақыт аралығында ақша айғақ ретінде тергеуде сақталған. Заңның механизмдері мен баптары ірі сомаға құқықтық мәртебе беруге кедергі жасап, тек биыл ғана заңдағы өзгерістерге байланысты контрабандалық қаражат заңдастырылып, мемлекет бюджетіне аударылды.

“Биыл қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін контрабандалық ақша көлемінің шектік мәні артуына байланысты заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін қылмыстық іс тоқтатылды”, — деп мәлімет берді Шымкенттің көліктегі прокуратура баспасөз қызметі.

19 қыркүйекте Шымкенттің Абай аудандық соты қаражатты “иесіз” деп танып, мемлекеттік бюджетке аударуға шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз