Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Асқар Мырзахметов: “10 сотық жерді алғысы келетіндердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асады”

 Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде жер мәселесіне қатысты сайт пен тікелей желіге түсетін сауалдардың басым бөлігі 10 сотық жерді беру мәселесіне қатысты.

«Қазір 10 сотық жерді алғысы келетіндердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асып отыр. Олардың қатары көбейіп келеді. Дегенмен, бүгінде облыстық орталықтардың маңайында бос жатқан жерлер жоқ. Соның басым бөлігі – ауыл шаруашылығы жерлері. Әкімдіктер оны сатып ала алмайды. Сол жердің иелеріне де оны тікелей үй салғысы келетін адамға да сатуға рұқсат жоқ. Осы проблема шешілмей жатыр», – дейді А.Мырзахметов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алу мәселесін қарастыру қажет. Оны Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның талқылауына шығару жоспарланып отыр. Дегенмен, соңғы шешімді Парламент қабылдайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз