Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Хромтауда жазықсыз адамды ұрып-соққан полиция қызметкерлері сотталды

Осы үкім бойынша айыпталушылар арнайы әскери шендерінен айырылды.

Істің материалдарына жүгінсек, Хромтау аудандық ішкі істер басқармасы ғимаратында полиция қызметкерлері топтасып жәбірленуші М.Құспановқа алаяқтыққа қатысты мәліметтер алу және оны мойындату үшін психикалық және физикалық қысым көрсеткен. Осы мақсатта олар күдіктелген азаматқа сот сараптама айғақтаған дене жарақатын салған.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы полиция қызметкерлеріне ҚР Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот бұрын олардың соттылығы болмағанын, жұмыс орындары мен тұрған жерлерінің берген жақсы мінездемелері мен С.Қадыржанов пен Б.Құрманбайдың кәмелетке толмаған балалары бар екендігін ескере отырып, аталған баптағы ең төменгі шекті бас бостандығынан айыру мерзімін тағайындады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз