Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ХОК Ресейді Рио Олимпиадасына қатыстыру туралы дұрыс шешім шығарды – Тоқаев

Бүгін Лозанна қаласында Рио Олимпиадасына Ресей құрама командасының қатысу-қатыспауына қатысты талқылау өткен болатын.

Отырыс шешімі бойынша Халықаралық олимпиада комитеті Ресей Федерациясы атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерация қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, бүгін британиялық танымал Daily Mail басылымы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл РФ құрамасын «мемлекеттік допингтік бағдарламасы» үшін жазалап отырғанын, ал ХОК-тың ұстанымы «допинг – спорт атаулыға жасалған шабуыл» екенін алға тарта отырып, ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарынан шеттететіні туралы жазады.

Сондай-ақ, кейбір дереккөздер келтірген дәйектерге сүйенсек, Ресей спортшыларын тек Риодан ғана емес, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатқаны айтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз