Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Халықтың банктердің алдындағы қарызы күннен-күнге ұлғаюда

211
Сурет: kleo.ru

Банктердің несие қоржыны екі ай төмендегеннен кейін қайта ұлғая бастады. Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айында ЕДБ берген несие көлемі 323,3 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл наурыздан кейінгі ең жоғары айлық өсім. Банк жүйесі портфелінің ағымдағы көлемі 15 трлн 181,4 млрд теңгені құрады, бұл да соңғы уақыттағы ең жоғары нәтижелердің бірі.

Ипотекаға сұраныс рекордты көрсеткішке жетті

Халық пен бизнес несие алу үшін қайда жүгінеді? Бірінші кезекте «Халық банкіне» барады. Банктің несие қоржынының көлемі тамыз айында 283,9 млрд теңгеге артып, 4,74 трлн теңгеге жетті. Бұл жаңа рекорд – Қазақстандағы бірде-бір банкте мұндай қарыз көлемі болған емес. Жалпы алғанда, мұндай өсім 2020 жылы отандық ЕДБ үшін рекордтық көрсеткішке айналды.

Сондай-ақ, 8 айдың 4-інде дәл осы «Халық Банкінде» несие портфелі айтарлықтай артты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» несие қоржыны да біршама  (67,7 млрд теңгеге) ұлғайды. Бұл да рекорд: бұрын соңды оператор банк арқылы қарыз көп болған жоқ. Ипотекаға да сұраныс артты.

Банктің несие қоржынының жалпы көлемі қыркүйек айының басында 1 трлн 188,2 млрд теңгені құрады. Осылайша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Центркредит банкін» басып озып, несиелеу көлемі бойынша 4-орынға шықты. Алда «Халық банкі», «Сбербанк» (1,55 трлн) және Kaspi bank (1,35 трлн) тұр.

Бірақ ЕДБ-нің барлығында несие беру ісі жақсы жүріп жатқан жоқ. Мәселен

  • Forte Bank-тің несие қоржыны 39 млрд теңгеге төмендеді – бұл тамыз айында барлық ЕДБ арасындағы ең күшті құлдырау;
  • «Еуразиялық банк» – соңғы жеті айда алтыншы рет төмендеді (-18 млрд);
  • «Ситибанк Қазақстан»-да несие қоржыны  үшінші ай қатарынан төмендеді  (-4,3 млрд теңге).

Сапасы жақсара түсті

Банктердің несие портфелінің сапасы да жақсарды. Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша төлемдердің мерзімі кешіктірілген несиелер көлемі 1,975 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 166,6 миллиардқа аз.

Республиканың алты ірі банкінде мерзімінен кейін төленген несие көлемі төмендеді: «Халық банкі», «Сбербанк», Forte Bank, Kaspi bank, ЦентрКредит Банкі және АТФБанкте жалпы алғанда 153,6 млрд теңге жабылды.

Екінші кредиттік рақымшылық және депутаттардың басқа да арзан айла-амалдары

АТФ Банк көбірек үлес қосты, мерзімі өткен төлемдері бар несие көлемі 59,1 млрд-қа азайды.

Шағын банктерден Bank RBK (-38,3 млрд) және «Нұрбанкте» (-12,3 млрд) көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Екінші жағынан, «Еуразиялық банкте» екінші ай қатарынан кешіктірілген несие көлемі артып келеді: шілдеде – 19,6 млрд., тамызда – 22,1 млрд.

Қарыз портфелінің ұлғаюы мен  төлем мәдениетінің жақсаруы осындай қарыздардың  14,42%-дан 13,01%-ға дейін төмендеуіне алып келді. Бұл үш айлық минимум.

Жартыжылдықтағы үздіктер

Кем дегенде 90 күн кешіктірілген төлемдердің NPL несиелерінің динамикасы одан да жақсы. Тамыз айында олардың көлемі 23,2 млрд теңгеге қысқарып, 1 трлн 320,4 млрд теңгені құрады.

Жалпы алғанда,  республиканың ЕДБ көпшілігінде көрсеткіштер жақсарды. Тамыз айында NPL көлемі тек 8-де ғана өсті. Ал айдың соңында Қазақстанда 27 банк болды.

Бір қызығы, Tengri Bank — ЕДБ-лердің арасында ең үлкен өсімді көрсетті,  ол енді жалпы статистикаға енбейді. Тамыз айында ондағы уытты кредиттердің көлемі 15,5 млрд теңгеге (48,7 млрд теңгеге дейін), ал олардың банктің жалпы несие портфеліндегі үлесі – 39,88%-дан 59,9%-ға дейін өсті. 18 қыркүйекте банк лицензиясынан айырылды деп жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз