Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Екінші кредиттік рақымшылық және депутаттардың басқа да арзан айла-амалдары

429
Сурет ашық көздерден алынды

16 қыркүйекте ҚКХП фракциясы премьер-министр Асқар Маминге кезекті несиелік рақымшылық жасауды ұсынды. Депутаттар әкімшілік-шаруашылық қызметке мемлекеттік шығыстарды оңтайландырудан босаған қаражатты кредиттік «рақымшылықты» қаржыландыруға пайдалануға болады дейді.

«Қаржы институттары қарыз алушыларға кейінге қалдыруды ұсынды, бірақ президенттік мораторий мерзімі 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Коммунистер қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіре алатынына күмән келтіреді», — дейді депутаттар. — «Мамандардың болжамы бойынша, егер жаңа шектеу шаралары енгізілмесе, 3 млн-ға жуық қазақстандық тартылған шағын және орта бизнес бір жылға жуық уақытта қалпына келеді. Түрлі бағалаулар бойынша ШОБ субъектілерінің 30-дан 50%-ына дейін жабылуы  мүмкін».

Азаматтарды несиелік ауыртпалықтан құтқару үшін коммунистер салықтық маневр жасауды ұсынды. Атап айтқанда:

  • азаматтардың мұралары мен үстеме кірістеріне салық салуды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін ұлғайту – 30%;
  • жеке тұлғалардың ақша аударымдарына салық салу (10%-ға дейін);
  • компанияның таза кірісін шетелге шығаруға сараланған салық салу (10% дейін);
  • азаматтардың тұрғын үй жылжымайтын мүлік (үшінші объектіден бастап) және коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері үшін (екінші объектіден) салық салу коэффициентін ұлғайту. Коэффициентті әрбір келесі жылжымайтын мүлік объектісі үшін екі есе көбейтуді ұсынады;
  • ірі шетелдік технологиялық компаниялардың жергілікті түсіміне сандық салық салу (3%).

2019 жылғы кредиттік рақымшылық кезіндегідей, қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді. Несиелік ауыртпалығы жоқ адамдар наразы. Депутаттардың бастама көтеруіне себеп болған адамдар  екі қолын көтеріп қолдау білдіріп отыр.

Сайлау алды бастамалар

Мәселен экономист Петр Своик депутаттардың ұсынысының  дағдарысқа қарсы шараларға еш қатысы жоқ деп санайды.

Петр Своик. Сурет: Роман Суханов

— Осындай бастамаға себеп болған жалпы жағдайды шетке ысырып қояйық.  Ақпан айынан бастап ел дағдарысты бастан кешуде. Бізде Конституциялық мерзімде Парламент сайлауы болады, — дейді сарапшы. Сайлауға бірнеше ай қалды. Дайындықты қолға алатын кез келді. Депутаттық бастама дайындық кезеңіне толық сай келеді.

— Оны қалай бағалауға болады?

— Бұл бастама, алдыңғы бастамалар сияқты, ҚКХП тарапынан дағдарыс салдарын еңсеруге бағытталған кешенді іс-қимыл шарасы ма?

Егер қазір коммунистерге басқару құқығы берілсе, мұндай сұраныстардың көмегімен елді дағдарыстан шығара алар ма еді? Жауабы анық секілді

Олардың сайлау алды бағдарламасы бар ма? Жоқ. Басқа партиялардың да сайлауалды немесе дағдарысқа қарсы бағдарламасы жоқ. Дағдарыс өршіп тұр, алайда бірде-бір партия, ең болмағанда, өз мойнына жауапкершілік алып,  дағдарыс проблемаларын шешуге атсалысқысы келмейді. Бірақ бұған еш қатысы жоқ сауалдармен үкіметтің басын қатыруда.

Неліктен парламенттік фракцияның жетекшісі үкіметке сұрау салады? Егер осындай бастама қабылданатын болса, оны заң түрінде бекітеді. Ал бізде заңды кім шығарады? Депутаттар. Олар мұндай заң жобасын әзірлеп, оны елде белгіленген алгоритм бойынша қарауға енгізуіне болар еді. Ал Конституция бойынша үкіметтің кез келген заң жобасына келісім талап етіледі. Онда құжат жасап, Үкіметтің келісімін сұраңыз. Оған сұрау салу — министрлер кабинетінен өздері үшін жұмыс істеуді сұрағанмен бірдей.

Қарыз алушыларға айтылған өсиет пе?

— Түрлі маневр жасауға мүмкіндік болса олар неліктен  мұндай бастама көтеріп отыр?

— Себебі олар өздерінің жұмысының орындылығына толық сенімді емес.  Коммунистер несиелік рақымшылық жасауды ұсынады.

Қазір экономикада жалпы несие көлемі 14 трлн теңге шамасында. Арасында проблемалық несие де бар. Бірақ нақты қанша екені белгісіз, себебі ресми статистикаға сүйенетін болсақ, проблемалық несие аздаған пайызды құрайды.

Халық пен депутаттарды тыңдайтын болсақ, бұл үлкен мәселе болып көрінеді. Алайда бұл барлық қарыз алушыға қатысты ма? Жоқ, олардың үштен біріне ғана

Оларды халықтың ең осал және бақытсыз тобы деп айта аламыз ба? Шындығына келсек, олар қарызды көп алғандықтан, қиындыққа тап болып, енді үкіметке қол жайып отырғандар. Ал басқа қарыз алушылар бұдан сабақ алуы керек.  Бірақ бұндай көмектің пайдасы бола ма? Мемлекеттің ақшасын босқа жұмсау секілді көрінеді.

— Сондықтан да олар салықты көбейтіп, осы мәселені шешуді ұсынды ғой.

— Бұл депутаттық сұраудың орынды және даулы тұстары өте көп.  Мәселен

азаматтардың аударымдарына салық салу — ақылға сыймайтын әрекет

Бұл мұндай бастама көтерген адамдардың қазіргі экономикада ештеңе түсінбейтінін білдіреді. Себебі қолма-қол ақшасыз аударымдар қазіргі өмірдің ажырамас бір бөлігі.

— Сосын бұл үш есе салық салу болады ғой, өйткені ақша картаға ЖТС алынғаннан кейін түседі. Сатып алу кезінде адамдар ҚҚС төлейді.

— Иә, дұрыс айтасыз. Іс жүзінде  зейнеткерлер мен ресми жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік карточкалық есеп айырысуға аударылды. Бәрі өз карталарынан басқа біреуге ақша аударады.

Ең бастамашыл адамдардың өзі аударымдарға салық салуды ойламас еді. Комунист жолдастардың осы бағытқа беттеуі түсініксз жағдай

Ақыл-есінен айырылғандай болып көрінеді.

Мұрагерлік салығын арттыру да зиянды. Ал әрбір жаңа операцияға, яғни жаңа объектіге мүлік салығын арттыру — дұрыс көтерілген мәселе. Жалпы алғанда коммунист жолдастар сайлау алдында популизмге бой алдырып, орынды және орынсыз мәселелерді араластырып ботқа жасап ұсынып отыр.

Сыртқа шығарылған табысқа салық салу

— Ал  компаниялардың таза кірісін елден шығаруға 10% салық салу идеясы туралы не ойлайсыз?

— Бұл таза баланың әңгімесіне ұқсайды. Бала өзіне ұнамайтын нәрсені көргісі келмесе бетін алақанымен жауып, басқа нәрсені елестетеді ғой, бұл да сол сияқты.

Шын мәнінде біздің сыртқы экономикалық қызметіміздің бәрі шетелмен байланысты. Экспорттық шикізатты сату жөніндегі негізгі мәмілелер шетелдік  тұлғалармен бірлесіп жүзеге асырылады. Ал шетелде бұл тұлғалар  бізге белгісіз бағамен, ҚР салық және статистикалық есебінсіз қайта сатады. Миллиардтаған соманы құрайтын шот туралы сөз болады. Осы айналымның 10%-ын ала алсаңыз, несиелік рақымшылық жасап, жағдайды түзетуге болады.

ҚКХП мұны білмейтіндей сыңай танытып, елден ресми түрде шығарылатын табыстың ең болмағанда 10%-ын алып қалуды ұсынып отыр

Қазақстанда ресми түрде шығарылатын  экспорттың нақты көлемі  аралық бағалар бойынша есептеледі.

Ал кәсіпкерлік экономиканы қорғайтын «Ақ жол»  мұндай істер туралы сөз қозғаманы жөн. Онда осы тектес анти-халықтық схемаларды  коммунистерден басқа  кім көтереді? Бірақ олар бұндай ұсыныстарымен өздерінің идеологиялық қарсыластары, либереалдардың жағына шығып отыр.

Ақымақтық және зиян әрекет

Экономист Әсет Наурызбаевың айтуынша ҚКХП қоғамға зиян ұсыныс білдіріп отыр.

Әсет Наурызбаев

— Егер аударымдарға салық салсақ, барлық ақша қолма-қол есепке ауыстырылады. Ал Ұлттық Банк пен Үкімет көп жылдар бойы осы мәселемен күресіп келді. Сонымен қатар,

аударымдарға салық салу  тауарлар мен қызметтердің құнының қымбаттауын алып келеді, яғни тағы да  инфляция болады деген сөз

Аударма мәселесін басқа әдістермен шешу керек. Шағын сатушылар аударымды карточка арқылы алатыны түсінікті. Бірақ ақысыз аударымдар болмаса, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын еді. Сондықтан мұндай нәрселерді ұсыну мүлдем мағынасыз.

— Ал екі жылдың ішінде  қатарынан екінші несиелік рақымшылық жасау қарыз алатындар үшін тым көп емес пе?

— Бұл орынсыз. Неліктен салық төлеушілер несиесін төлей алмағандардың қарызын төлеуі керек? Біреу өмір сүру жағдайын жақсарту үшін несие алды, ал салық төлеушілер олар үшін салық төлеп, ақшасын жұмсайды.

Салықты бізді полиция қорғап, аурханада емделу, балаларымызды мектепке оқыту және т.б. үшін  төлейміз…

Сондықтан ақшамыздың түсінікті және дұрыс істерге жұмсалғанын қалаймыз.

Біз атаулы әлеуметтік көмек тетігі арқылы кедейлерге белгілі бір деңгейге дейін көмектесуге дайынбыз. Бірақ бұл жауапсыздықты ынталандыру керек дегенді білдірмейді.

Қатарынан екі кредиттік рақымшылық жасау Қазақстанда несие тегінен-тегін беріледі, ал оны қорқақтар ғана төлейді деген ойға алып келуі мүмкін

Онда несие нарығын мүлдем бұзып, жылына бір рет билік иелерінің көңіл-күйіне қарай біз тегін ақша беретінімізді жариялайық. Мұндай шара халықтың қаржылық дағдыларын дұрыс қалыптастыруына зиянын тигізеді. Осындай ақымақ әрі зиян бастамаларды көпшіліктің алдына шығаруды доғаруды ұсынамын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз