Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Халыққа қызмет – мерейлі міндет! Қызылордада мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

111

Жәрмеңкенің мақсаты –

тұрғындарға облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сала мамандары тарапынанан заңгерлік кеңес беру.

– «Жәрмеңке барысында 200-ден астам қала тұрғынына түрлі қызметтер көрсетілді. Тұрғындардың басым бөлігі балаларды мектепке қабылдау мен баспана мәселесі бойынша «7-20-25», «Орда» бағдарламалары төңірегінде сауалдармен жүгінді.

Сондай-ақ, қызмет көрсететін органдармен азаматтарға тұрғын үй, жер, балабақша кезегіне қою, электрондық кілт алу, «Е-gov» электрондық порталына ұялы телефон нөмерлерін тіркеу және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетіліп, тиісті кеңестер берілді», – деді Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев.

Аталған жәрмеңке жыл басынан бері Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында өткізілген болатын.

Алдағы уақытта облыс орталығында және басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз