Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Халық бәрін біліп отыр” деп шындық іздеген генерал 14 жылға сотталды

122

Кеңшілік Әбелдинов судья болған сот процесі ТА-18 тергеу абақтысында өткенін айта кетейік,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат құралдары «Сұсты генерал» атап кеткен Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев сотта өз кінәсін мойындамады.

«Халық бәрін біліп отыр. Шындық әрдайым қымбат. Күндердің күні шындық дегеніне жетеді. Ал бүгін айтып жатқандары ойдан шығарылған, ол сол адамдардың санасына берсін. Мен түрмеден қорықпаймын. Бас бостандығымнан айырса — айыра берсін. Маған арым қымбат. Мен бәрібір күресемін. Енді мен осы былықты жасап жатқандармен күресемін» — деп мәлімдеген еді ол алдындағы сот отырыстарында.

Әмірхан Аманбаев мүлкі тәркілене отырып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Сонымен бірге, Аманбаевты “Құрмет” және ІІ-дәрежелі “Даңқ” ордендерінен айыру туралы ұсыныс жасалды.

Сергей Ильин мүлкі тәркілене отырып, 16 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Қалған сотталушылар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал біреуі ақталып шықты.

Сот кезінде Әмірхан Аманбаев кінәсін мойындамады. Ал Сергей Ильин салықтан жалтаруға қатысты кінәсін ғана мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Еске салайық, 2015 жылдың ақпанында Алматы қаласында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар, оның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің қолдау көрсетуі арқылы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті анықталды. Олар 2012-2014 жылдар аралығында 20 кәсіпорын құрып, төленбеген салық түрінде 14 миллиард көлемінде шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу шарасы бойынша Алматы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қылмыстық топтың С.Ильин, В.Федотов, Б.Баудинов, Т.Каримов, А.Зубарев, Д.Абдиев, Р.Есенжанов және Н.Шаукеров есімді 8 қатысушысы қамалды. Жалпы осы іс бойынша 36 адам сотқа тартылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз