Қызылорда облысының аудандық соты блогер Сандуғаш Тұрлыбекованы бопсалау фактілері бойынша 4,8 жылға бас бостандығын шектеді. Тергеу анықтағандай, ол әлеуметтік желіде белгілі бір лауазымды атқарып отырған адамдарға қатысты сыни жазбалар жариялаған. Жазбаларын өшіру үшін сол адамдардан ақша талап еткен.
Тұрлыбекованың үстінен бас-аяғы сегіз адам осы бап бойынша арызданған. Дегенмен алты адам келісімге келіп, арыздарын қайтып алған. Екі адам істі сотқа жеткізіп, Тұрлыбекованың ақша бопсалағанын дәлелдеген.
Аудандық сот блогер әйелді 4,8 жылға бас бостандығын шектеп, әлеуметтік желіге кіруге тыйым салды. Моральдық шығын ретінде Тұрлыбекова оларға жалпы сомасы 300 мың теңге төлеуі керек. Соттың шешімі күшіне енген.