Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Грузияда жоғалған отандасымыз әлі табылар емес

Роман Ганюшин, Сергей Трофимовтың досы:

– Құтқарушылар бізге көмектесуден бас тартты. Бірақ жоғалғандарды іздеумен айналысатын ресейлік ұйым қосылды. Қазір олар Сергейді мына дөңнің ар жағынан іздеп жатыр. Ал құтқарушылардың бізге бар көмегі – бүгін берген бинокльдері ғана.

Ресейлік ұйым Сергейдің жағдайы туралы кездейсоқ білген екен. Олардан отандасымыз жоғалған аймаққа бірден 10 адам келіпті. Еріктілер осы маңды жаяу аралап, әр жерді жіті қарап жүр. Ал саяхатшының жақындары оны өз еркімізбен таба алмаймыз ба деп алаңдайды. Жоғалған азаматтың ұялы телефоны арқылы соңғы рет орналасқан жерін анықтау шаралары да әлі нәтиже бермепті.

Айта кетсек, Грузияға саяхаттап барған Сергей Трофимов 23 шілдеден бері іздестіріліп жатыр. Ол Ушгули шатқалына кетіп, сол күйі оралмаған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз