Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Грузияда өткен өнер байқауында Қазақстан күйшісі үздік деп танылды

Набияр қазақ күйлерінен попури орындап, танымал музыканттар мен өнерсүйер қауымды өзіне тәнті етті. Ақтаулық музыкант Махамбеттің «Жұмыр қылышын», Құрманғазының «Жима», «Адай», «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Есбайдың «Бөгелек» күйлерін бабына келтіре орындады.

Набияр Алтаев «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер институтының түлегі. Ол өткен жылы Испанияда өткен «Open Spain» байқауында ІІІ-орынды жеңіп алды.

Астраханьда өткен «Алтын дала дауыстары» халықаралық конкурсында ІІ-дәрежелі лауреат атанды. Бұл байқауға Грузия, Ресей, Өзбекстан, Украина, Испания, Израиль, Қазақстан, Үндістан, Армения, Әзербайжан сияқты мемлекеттерден 400-ден астам орындаушылар мен топтар қатысқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз