Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Головкин – Альварес жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетін болды

– “Канело” – Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!”, – деп жазды Том Леффлер twitter парақшасында.

2016 жылы ашылған “T-Mobile Arena”-ға 20 мыңға жуық жанкүйер сияды.

Геннадий Головкин “T-Mobile Arena” кешенінде, жалпы Лас-Вегаста жекпе-жек өткізбеген. Ал “Канело” болса Лас-Вегаста 10 кездесу өткізген. Оның ішінде Амир Хан мен соңғы рет шаршы алаңға шыққан қарсыласы Хулио Сезар Чавеске ( кішісі) қарсы осы аренада жұдырықтасқан.

Сауль “Канело” Альвареске қарсы жекпе-жектен Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық “The Ring” журналының белбеуін бәске тігетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз