Америкалық киностудиялар Ресеймен әріптес болудан бас тартты.
Актер, аудармашы Қайрат Әділгерей аудару және дыбыстау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтып берді.
«Голливуд фильмдері келесі жылдан бастап қазақ тіліне аударылады. Анджелина Джолидің өзі «Құдай қаласа» деп сөйлейді», – деп әзілдеді актер.
Оның айтуынша, бұл бастаманы, мәдениет, ғылым және білім, ақпарат және әлеуметтік даму министрліктері қолдап отыр екен.
«Бұл туған тілге деген қамқорлық, мемлекеттің деңгейінде қолға алынып отырған іс», — дейді ол.
Қайрат Әділгерей аударма жұмысы қалай жүріп жатқанына тоқталды.
«Редакторлар аудармасын жасап жатыр, оны «жас» редакторлар қосымша тексереді, себебі тікелей аударсаң немесе әдеби стильге салып жіберсең, кең аудиторияға таралмай қалады, Өзіміздің тұрмыстағы сөздерді қолдану керек
Аудармаға сын көп айтылады, бірақ тәжірибе жинай келе түзелеміз», — дейді шоумен.
Еске салайық, дұған дейін Баян Алагөзова фильмдер прокатын Голливудпен тікелей келісу керегін мәлімдеген болатын.