Голландияның спорттық гимнастикадан құрама мүшесі Юри ван Гелдерді Рио-де-Жанейрода олимпиадаға қатысып жатқан ұлттық командадан шығарып тастады.
Бұл туралы NBC хабарлады.
6 тамызда спортшы шығыршықта жаттығу кезінде іріктеуді сәтті еңсеріп, 15 тамыздағы финалдық бәсекеге қатысуы тиіс болатын. Алайда, 7 тамыз, сенбі кешке ол Олипиадалық қалашықтан кетіп, келесі күні таңертең мас күйінде оралған. Голландиялық құрама басшылығы 33 жастағы гимнасшыны жарыстан шеттету шешімін қабылдады. Оның орнына финалға француз Дэнни Родригес шығады.