Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

GGG – нағыз құбыжық, бірақ Коробов онымен кездесуге дайын – Матвей Коробовтың менеджері

Top Rank – жақсы промоутерлік компания. Алайда олар бізге тек Рамириске қарсы жекпе-жектен басқа ештеңе ұсына алмады. Келісімшартты бұзу барысында Боб Арум өзін мәдениетті әрі нағыз еркектерше ұстады”, – дейді Майк Борао.

Матвей Коробов

34 жастағы Коробовтың әуесқой бокстағы нәтижесі таңғаларлықтай. 300 жекпе-жектің тек 12-сінде жеңіліс тапқан. Кәсіпқой бокста тек бір мәрте қарсыласына есе жіберді. Қалған 27 кездесуінде жеңіске жеткен.

Ресейлік боксшы жақын уақытта Билли Джо Сондерс, кіші Крис Юбенк және Джермалл Чарлоның бірімен жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңдағы ең жақсы нұсқа –

Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек.

«Меніңше, қос боксшының рингте кездесуі әбден мүмкін. Өйткені, Геннадий Головкинге қарсы ешкімнің жекпе-жек өткізгісі келмейді. GGG – нағыз құбыжықтың өзі, сол себепті оларды кінәлаудан аулақпын. Матвей кіммен жұдырықтаспаса да, оның жеңіске жетуі әбден ықтимал”, – дейді Коробовтың менеджері.

Еске салайық, Головкин – Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Қазақстанда жекпе-жекті “Қазақстан” және KazSport арналары көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз