Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

GGG командасы Сауль Альваресті көндіре алмай жүр

186

Жерлесіміздің промоутері Том Леффлер Головкиннің рингке Альваресті тағы бір рет алып шыққысы келетінін айтқан. Алайда, үшінші жекпе-жектің қайда болатыны әлі жоспарланбаған көрінеді.

«Ол өзінің барлық титулын бәске бір рет емес, екі рет тікті. “Канело” болса өз өмірінде ең ірі екі гонорарына ие болды. Яғни, жанкүйерлер бұл жекпе-жекті қалап тұрса, боксшылар ірі көлемде гонорар алып жатса онда үшіншісін де өткізу керек”, – дейді Леффлер.

Оның айтуынша, GGG командасы Golden Boy командасымен жиі байланысып, үшінші матч туралы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Алайда, нақты шешімге екі тарап та келе алмапты.

Еске салайық, қыркүйекте өткен қос боксшы арасындағы соңғы жекпе-жекте төрешілер шешімімен Сауль Альварес жеңіске жеткен болатын. Ал, былтырғы бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз