Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Германия Еуропа чемпионатының жартылай финалына шығады” деп бәс тіккен алматылық ұтты

Командалар екі негізгі таймды тең – 1:1 есебімен аяқтады, қосымша таймдарда да есеп өзгерген жоқ.

Іс матч соңындағы пенальтиге тірелді, онда Германия ойыншылары 6 доп соқты: пенальтидегі есеп – 6:5.

7-шілдеде Марсельде «Велодром» стадионында өтетін жартылай финалдық ойында неміс құрамасының қарсыласы ширек финалдың тағы бір жеңімпазы – Франция мен Исландия командалары арасындағы жеңімпаз болмақ.

Алматы қаласының тұрғыны 26 маусым күні «Олимп» букмекерлік кеңсесіне “Әлем чемпионы – Германия құрамасы жартылай финалға шығады” деп 13,5 миллион теңге бәс тікккен еді. Тиісінше букмекерлік кеңсе бұл бәске 1,8 коэффицент берген.

Егер Йоахим Лев шәкірттері Италия құрамасын жеңетін болса, онда Алматы тұрғыны 24,3 миллион теңгеге кеңелуі керек болған. Таза пайдасы – 10, 8 миллион теңге болмақ деген едік. Бәсте айтылғандай, Германия Еуропа Лигасының жартылай финалына шықты. Демек, Алматы тұрғынының да ұпайы түгел.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз