Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс үш жылдан, ең көбі 20 жылдан кейін жаңа пандемия болуы мүмкін деп болжады.
— Иә. Егер жолымыз болса, ол 20 жылдан кейін басталады, — деп жауап берді Гейтс.
Бірақ ол жаңа эпидемиологиялық қауіп үш жылдан кейін туындауы мүмкін екенін ескертті.
Сондай-ақ Майкрософттың негізін қалаушы егер әлем қазіргі деңгейден сабақ алып, жаңа сынақтарға дайын болса, келесі пандемияның күші соншалықты жойқын болмауы мүмкін деп болжады.
Атап айтқанда, Гейтс Оңтүстік Корея мен Австралияның коронавирустың таралуына қарсы шарасын атап өтті, олар өте тез сынақтан өтіп, жұқтырған адамдарды оқшаулады. Гейтс сондай-ақ басқа елдерге COVID-19 тестілеу әдістерінің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.
— Біз келесі жолы осыншама ақымақ болмаймыз, — деп қорытындылады Гейтс.