Гавай аралдарында орналасқан әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі Килауэа 3 мамыр күні атқылай бастаған.
Осы күнге дейін жанартау 26 үйді жойып жіберді, тағы 2 мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Жанартаудың жарылуы – қорқынышты, әрі таңғала қарайтын құбылыс. Килауэя XIX ғасырдан бері әлемдегі суретшілер арасында танымал жанартау, тіпті кескіндеме өнерінің «Вулкан мектебі» пайда болды.