Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

Ғасыр жасаған майдангер. Белгород, Харьков, Полтава, Кременчуг жерлерін азат етуге қатысқан ардагер 100 жасқа толды

Ардагер ІІ дәрежелі Отан соғысы, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Антифашистік күреске белсенді қатысқаны үшін» (Чехословакия) медальдарымен марапатталған. Ол сондай-ақ Алматы қаласының Құрметті азаматы.

Запасқа шығарылғаннан кейін Шәңгерей Жәнібеков еңбек жолын жалғастырды. Қостанай қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Қостанай облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1976 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Зейнеткер ретінде Шәңгерей Жәнібеков шетелдегі қазақтармен мәдени байланыстар жөніндегі республикалық қоғамды басқарды. Қазақ Республикалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы, кейін осы Кеңес Төралқасының мүшесі болды. Шәңгерей Жәнібекұлының өмір жолы батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға адалдықтың жарқын үлгісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз