Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Ғалымдар Семей сынақ алаңын зерттеуді қолға алды

146

Сынақ алаңында 40 жыл ішінде 456 ядролық жарылыс болды. 1991 жылы Елбасы жарлығымен полигон жабылып, бүгінде мұнда жан-жақты зерттеу жүргізіліп жатыр. Құрылғанына ширек ғасыр болған Ұлттық ядролық орталық мамандары полигон аумағының жартысына жуығын зерттеп үлгеріпті.

Ғалымдар 7,5 мың шаршы шақырымның тек 20 шаршы шақырымы ғана мүлдем пайдалануға жарамсыз, 300 шаршы шақырымы өнеркәсіптік бағытта, қалғаны жан-жақты пайдалануға жарамды деген қортындыға келген.

– Жалпы аумақтың шамамен 10-20 пайызы мүлдем пайдалануға жарамсыз. Бірақ біз осы жерлердің өзін тиімді пайдалануға көштік. Мәселен, бұрын жерасты жарылыстары жасалған «Балапан» алаңында өскемендік бір мекемемен бірлесіп, өнеркәсіп қалдықтарын сақтайтын полигон аштық. Онда қазір 60 мың тонна қалдық сақтаулы. Болашақта оны кеңейтуді жоспарлап отырмыз, –  Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры дейді Ерлан Батырбеков.

Бұл – былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа зертхана. Мұнда полигон аумағындағы экожүйе мен қоршаған орта кешенді зерттеледі. 300-ге тарта қызметкердің 80 пайызы – жастар. Солардың бірі – Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің түлегі Жанат Байғазинов. Ол қазір озық құрал-жабдықтар арқылы цитогенетика саласындағы тың әдіспен шұғылданып жатыр.

 

– Бұл FISH әдісі адам қанының құрылысын, оның сәулеленуі қандай деңгейде өткенін анықтайтын әдістердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда осы өңірде тұратын 30-ға жуық адамның қанын зерттеп, көпшілігінің сол сәттерде үлкен доза алмағандығын дәлелдеп шығардық деуге болады, – дейді осы орталыққа қарасты радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкері Жанат Байғазинов.

Қазақстан – әлемде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жалғыз мемлекет. Ал Семей сынақ алаңы – бүгінде адамзат баласы үшін ізгі мақсаттарды көздейтін жалғыз полигон. Сондықтан мұндағы ғалымдарда тыным жоқ. Келесі жылы Ұлттық ядролық орталықта тағы бір жаңа нысан – қоршаған ортаны мониторинг жасауға арналған кешен пайдалануға берілмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз