Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кейінірек, мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен келіссөз қорытындысына оң баға беріп, оның барысында екіжақты күн тәртібіне қатысты барлық өзекті мәселе талқыланғанын жеткізді.

– Өзара ынтымақтастық бойынша ортақ ұйғарымға келдік. Үкіметтерге тиісті тапсырмалар берілді. Алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Екі елдің қарым-қатынасы зор қарқынмен дамып келеді. Біздің міндетіміз – осы динамиканы бәсеңдетпей, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың табысты өркендеуіне, инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуіне, сондай-ақ білім мен гуманитарлық салалардағы байланыстардың нығаюына қолайлы жағдай жасау, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарының қазіргі жай-күйіне назар аударды. Президенттің айтуынша, өзара сауда-саттық үздіксіз дамуда, таяу уақытта екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге мол мүмкіндік бар. Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім;
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;
  5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;

6 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім;
  4. 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту және оған өзгеріс енгізу туралы хаттама;
  5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
  9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі арасындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  10. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  11. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co. Ltd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім;
  12. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ФинИнвест» ЖШҚ арасындағы ниеттестік туралы меморандум;
  13. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ААҚ арасындағы екінші Екібастұз ГРЭС-інің №3 және №4 энергия блоктарында тиімді технологияларды пайдалана отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз