Колумбия округі аймақ сотының судьясы арнайы прокурор Джек Смиттің өтінішімен істі тоқтату туралы шешім қабылдады. Осылайша Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау нәтижесін жоққа шығару әрекеті бойынша жауапкершіліктен босатылды.
Колумбия округі аумақтық сотының судьясы Таня Чуткан арнайы прокурор Джек Смиттің 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін өзгерту әрекеті ісі бойынша жаңадан сайланған президент Дональд Трампты қудалауды тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды.
«Сот прокуратураның іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды», – дейді сот отырысына төрағалық еткен Чуткан.
Смит Әділет министрлігі АҚШ-тың қазіргі президентін қудалауға тыйым салатын саясатына байланысты істі тоқтату керек деді.
«Әділет департаментінің ұстанымы Конституция бұл істі айыпталушы қызметіне кіріскенге дейін қысқартуды талап етеді», – деді Смит және «айыптаушы тараптың мәні бойынша ұстанымы өзгерген жоқ, бірақ жағдай өзгерді» деп қосты.
Смит Трампқа қатысты екі тергеу жүргізді. Оның бірі 2020 жылғы сайлаудағы жеңілісін жою әрекетіне және құпия құжаттармен жұмыс істеуге қатысты. Смит сонымен қатар екінші істі де тоқтатуды сұрады. Трамптың командасы мұны «заң үстемдігінің үлкен жеңісі» деп атады.
Трамптың өкілі Стивен Чунг: “Америка халқы президент Трампты басым мандатпен қайта сайлады. Америка халқы мен президент Трамп біздің сот төрелігі жүйеміздегі саяси қанаудың дереу тоқтатылғанын қалайды және біз еліміздің бірігуін асыға күтеміз», – деді.