Fugaku суперкомпьютерінің көмегімен ғалымдар қорғаныс маскасы болмаған жағдайда вирус бөлшектерінің қалай қозғалатынын модельдеп көрсетті.
Маска – коронавирусты жұқтырудан қорғайтын ең тиімді құрал. Мұны жапон ғалымдары тағы бір рет дәлелдеді, олар медициналық масканы кимей сөйлесіп, ән айтып және жөтелген кезде вирустың қалай таралатынын модельдеді.
«Егер біз бүкіл әлемге вирустың қалай таралатынын екенін нақты көрсетсек, онда адамдар оның қауіптілігін елестете алады және шара қолдану керегі туралы ғылыми тұрғыдан ойлана алады»,
— деп Kobe University & RIKEN профессоры, зерттеушілер тобының жетекшісі Макото Цубокуро өз ойымен бөлісті.
Зерттеу нәтижелері ылғалдылық жоғары болса ұсақ аэрозоль бөлшектерінің саны артатынын көрсетті. Түрлі қорғаныс құралдарын салыстыра отырып, ғалымдар масканы дұрыс қолдансақ, індеттен тиімді қорғана аламыз жеген қорытындыға келді.
Сондай-ақ, ғалымдар әлеуметтік қашықтықты сақтаудың тиімділігін атап өтті. Өйткені тәжірибелері вирустың үлкен бөлшектері тасымалдаушының жанындағы жақын жерге түсіп, алыс қашықтыққа ауа арқылы берілмейтінін көрсетті.