Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Əгәдә мәгәдә зигәдө!». Есер әннен ес кіре ме? (видео)

265

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй дегенде Хакім Абай осындай әнді айтқан болар деп ойлаймын.

Кешегі Алаш арыстары армандап кеткен өмірді жасайтын жастар өсіп келеді. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, Мен жастарға сенемін», дегенде Мағжан осындай жастарды айтып, осындай жастардан үміт күткен болар деп ойлаймын.

Еліміздің болашақ жастарының ойлы да зерделі әндері жаныңды сүйсіндіреді. Шіркін, барлық жастарымыз ертең осылардай болып ер жетсе, біз әлемдегі ең озып елдердің қатарына міндетті түрде қосыламыз.

91 тобының “Су асты” əнінің мəтінін оқып ләззат алыңыздар:

Эй неғо, Q-pop әзірге demo
Бірақ біз көбейгенде, сен жоғалма секілді Nemo
Олар мені түбіне батырмақ болды, басқаға бас жетпей қойды
Маған сенің ауаңның қажеті жоқ, әлемім Н2О

Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай – тай!
Кім ол сенбеген ? Бері кеп – қайт!

Бері кеп – қайт!
Бері кеп – қайт!

Таптап бәрін, таққа бағыт тартқанмын,
чк POW-POW бала талып құла, тағы талқыла — бәрі бірқалыпты
Бәрібір қалыпты менің тәртібім-әріппен әр үнді қауып тастау,
Енді дәріптеймін бәріне мәнін тәлім қылып ала алсаң,

Тек түрлі былықты қылықтарың лық қылып тықты шоу-бизді су астына!
Бәрі батты кезекпен,
Олар тұншығады, ал бізде желбезектер!

Бізде желбезектер, бізде желбезектер.
Бізде желбезектер
Қанша жерден зерттесең де
Қанша қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені.

Дауың бар ма не? Айт кел!
Тауып ал мін менен , кейін сөйле!
Ауыр бұны саған қабылдау,
POW-POW-POW! Түйін таба алмасаң – Сау!

Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай – тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп қайт!

Бері кеп қайт!
Бері ке-

Əгәдә мәгәдә зигәдө
Əгəдə мəгəдə кикидөу
Ал кім айтты бүйтуге болмайды деп?

Негізі бұл менің сиқырым,
Аяқ астынан мен келдім, түсіріп жүр басыңды еу!
Қысымға шыдамай тұншығады дедің, бірақ бізде желбезектер ғооо!

Бізде желбезектер,
Қанша жерден зерттесең де
Қанша қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені.

Бізде желбезектер,
Қанша жерден зерттесең де
Қанша қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені.

Бұл әннің мәтініне не дейсіздер? Мен түсінбедім, сіз ше?».

Айару Бекқызы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз