Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыны депутаттардың ашуын келтірді

«Ұлттық құрама бапкерлерін ТМД елдерінен шақыру тәжірибесін тоқтату қажет. Бұл елдердің ішкі чемпионаттары төмен деңгейде», – деп мәлімдеді депутат.
Магеррам Магеррамов Қазақстан футболына төмендегідей шаралар қабылдауды ұсынды:

  1. футболшылардың шамадан тыс гонорарын қысқарту;
  2. клубтарға шетел ойыншыларын қабылдауға жеті жылға шектеу енгізу;
  3. шетелдік легионерлердің рұқсат етілген санын анықтау: бір клубқа – төрт футболшы;
  4. негізгі құрамға әр ойынға екі шетелдік футболшыдан артық алмау.
  5. Депутат шетелге жасөспірімдерді емес, оларға Еуропа елдерінің деңгейінде ойнауды үйрететін бапкерлерді жіберу керек деп есептейді.

«Мүмкіндігінше барлық футбол клубын өңірлік футбол мектептерін ашуға міндеттеу керек. Лигионерлерден үнемделген қаржыны осындай мектептерді дамытуға жұмсауға болады. Бұл балалар мен жастарды футболға тартуға және шеттен жаңа ойыншылар алуға шығындалмауға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Магеррамов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз