Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Футболдан әлем чемпионы болған Франция тойлаймын деп быт-шыт болды (видео)

332

Parisien басылымының мәліметінше,

Париждегі Елисей алаңдары ауданында тәртіпсіздік орнады. Жанкүйерлер сөрелерді, декорацияларды қиратып, бөтелке лақтырған. Полицияның көзден жас ағызатын газ қолдануына тура келді. Кейін бұзақыларды қуу үшін суатқыш машина да пайдаланды.

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-khapty-konildesimen-birge-auruhanaga-tysken-erkektin-maskharasy-shykhty-324050

France Info радиостанциясының хабарлауынша, Лионда да полицейлер жанкүйерлерге қарсы көзден жас ағызатын газды қолданған, олар фан-зонаға жақын маңда полицейлерге бос банкаларды лақтырған. Кейін өртсөндірушілер бригадасы келіп, өртелген қоқыс бактарындағы қызыл жалынды сөндірді.

Марсельде полицейлер түтіндеткіш снарядтар мен петардаларды атуға жол бермеді, себебі оларды қолдануға бұл елде тыйым салынған. Жеті адам ұсталды.

https://kaz.365info.kz/apam-shymkenttiki-zhelini-shulatkhan-shashy-zhokh-khalyndykhtyn-kyjeui-kim-ekeni-belgili-boldy-video-324016

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты Ресейде өтті. Франция құрамасы тарихта екінші рет чемпион атанды, команда финалда Хорватия құрамасын жеңді. Кездесу жексенбіде Мәскеудегі “Лужники” стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз