Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Футболдан әлем чемпионаты кезінде Ресейге барған қазақстандықтар 1,5 млрд теңге жұмсаған

Айта кетейік, бүгінде ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша 1 Ресей рублі 5,47 теңгеге тең. Сбербанктің статистикасы бойынша, Ресейде ең көп ақша қалдырғандар арасында тағы да АҚШ тұрғындары көш бастайды – 5,6 млрд рубль. Одан кейінгі орындарда Қытай (4,1 млрд рубль), Мексика (2,2 млрд), Ұлыбритания (1,9 млрд) келеді. Аргентина, Германия және Бразилияның әрқайсысының үлесіне шамамен 1 млрд рубльден келеді.

Ал «Открытие» банкінің мәліметтері бойынша, 14 маусымнан 5 шілдеге дейін шетелдіктердің транзакциялары саны 3,6 есеге артқан. Шетелдіктер Ресейде ең көп шығынды тамаққа жұмсаған. Сбербанктің мәліметінше, дәмханалар мен мейрамханаларға, сондай-ақ фастфудқа жұмсалған жалпы қаражат 6,2 млрд рубльді құраған.

Одан кейінгі орындарда қонақүйлер (5 млрд) мен ұшақ билеттері (1,4 млрд) тұр. Бұдан тыс спорт тауарлары мен кәдесыйлардың сатылымынан да қыруар қаржы түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз