Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Forbes қайтыс болған ең бай адамдардың тізімін жасады

202

10-орын

Принс

Бір жылдағы табысы: $10 млн. 21 Сәуір 2016 жылдың 21 сәуірінде қайтыс болды

Тек АҚШ-та биыл The purple One альбомының 700 мыңға жуық данасы сатылды.

9-орын

Джон Леннон

Бір жылдағы табысы: $13 млн.  1980 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болды.

Леннонның өлімінен қырық жыл өтсе де, Beatles музыкасы әлі де пайда әкелуде.

8-орын

Боб Марли

Бір жылдағы табысы: $14 млн. 1981 жылы 11 мамырда қайтыс болды.

Аты аңызға айналған регги-дің мұрагерлері оның альбомдарын қайта шығарудан, сондай-ақ Боб бейнесі бар аудио жабдықтардың, футболкалар мен шамдардың номиналды желісін сатудан түскен кірістерден пайда тапты.

7-орын

Juice WRLD

Бір жылдағы табысы: $15 млн.  2019 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болды.

Артық дозадан қайтыс болған рэпердің мұрагерлері 15 миллион доллар тапты.  2020 жылдың шілдесінде қайтыс болғаннан кейін шыққан Legends Never Die атты альбомы осындай табыс әкелді.

6-орын

Коби Брайант

Бір жылдағы табысы: $20 млн. 2020 жылы 26 қаңтарда қайтыс болды.

Баскетболшы тікұшақ апаты кезінде қайтыс болды және бұл рейтингке алғаш рет енді. Nike тез арада аты аңызға айналған «Лэйкерз»-бен бірлесіп жасалған коллекциясын сатты. Жанкүйерлері оның автобиографиялық кітабын сатып алды: биыл 300 мыңнан астам данасы сатылды.

5-орын

Элвис Пресли

Бір жылдағы табысы: $23 млн. 1977 жылы 16 тамызда қайтыс болды.

Рок-н-ролл королі 2019 жылы екінші орыннан бесінші орынға түсті.  Преслидің мұрагерлеріне оның жылына 10 миллион доллардан астам табыс әкелетін Мемфистегі мұражай ретіндегі үйі пандемияға байланысты екі айға жабылды және әлі де шектеулі режимде жұмыс істейді.

4-орын

Арнольд Палмер

Бір жылдағы табысы: $25 млн. 2016 жылы 25 қыркүйекте қайтыс болды.

Гольф те музыка  секілді мұрагерлерге жақсы пайда әкеледі. Арнольд есімімен аталған спорттық жабдықтар мен сусындарды сатудан түскен табыстың арқасында 2016 жылы қайтыс болған әйгілі гольфшы көшбасшы бестіктің қатарына енді.

3-орын

Чарльз Шульц

Бір жылдағы табысы: $32,5 млн.  2000 жыл 12 ақпанда қайтыс болды.

Снупи мен оның достары туралы комикстердің авторы Чарльз Шульц үздік үштіктің басын бастады.

2-орын

Доктор Сьюз

Бір жылдағы табысы: $33 млн.  1991 жыл 24 қыркүйекте қайтыс болды.

Екінші орында балалар кітаптарының авторы Доктор Сьюз (Теодор Сьюз Гайсель). Америкалықты танымал еткен кітаптардың ішінде «Гринч — Рождество ұрлаушысы» деген туындысын атауға болады. Өткен жылмен салыстырғанда оның кірісі екі есе, 19 доллардан 33 миллион долларға дейін өсті.

1-орын

Майкл Джексон

Бір жылдағы табысы: $48 млн.  2009 жылы 25 маусымда қайтыс болды.

2009 жылы қайтыс болған поп-музыка патшасы Элизабет Тейлорға көшбасшылық позициясын тек бір рет, 2012 жылы берді. Алайда 2020 жылы Джексонның мұрагерлерінің табысы  2010 жылғы  275 миллион доллармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Пайданың 70%-ға жуығы оның әндерін пайдаланғаны үшін аударылатын қаржыдан түседі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз