Румыниялық DigiSport телеарнасының хабарлауынша, ФИФА Левандовскиді алдағы үш ойыннан шеттетуі мүмкін.
Қазақстанмен болған ойынның алғашқы таймында Левандовски қазақ қорғаушысы Елдос Ахметовтың мұрнын бұзып, содан кейін Бауыржан Исламханның желкесінен шап беріп, біраз қылқындырып алды. Осы екі әрекеті үшін төреші оған тек сары қағаз көрсетумен шектелген еді.