Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Фашистік Германияда тұтқында болған 9 Қазақстан азаматы 2500 евродан өтемақы алды

Германия Федеративтік Республикасы жариялаған өтемақыны 9 қазақстандық алды.

Нақтырақ айтқанда, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, ГФР үкіметі бұрынғы тұтқында болған кеңестік әскерилерге 2500 евро көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім шығарған.  Жоба аясында біздің архив қазір көзі тірі 12-13 адамның құжаттарын жинастырып жіберді. Солардың ішінде былтырдан бері 2016-2017 жылғы есеп бойынша, 9 адам Германия тарапынан 2500 еуродан өтемақы алды», – деді Жылгелдинов.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта тұтқында болған қазақстандықтардың өтемақы алу жобасына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі де қосылып жатыр.

«Ведомство әр облыстан әскерилер бойынша ақпараттар жинастыруда. Бірақ, Германияға құжаттарды жолдап отырған Президент архиві болғандықтан мәліметтер осында жіберіледі де, біз өз тарапымыздан тексеріп, Германияға жолдаймыз. Германияда да тексеріледі. Оларда концентрациялық лагерлерде болғандардың тізімдері сақталған. Сол жерде сәйкестендіріледі. Егер барлығы анықталса, онда 1-1,5 айдың көлемінде өтемеқасын алады», – деді ҚР Президенті архивінің бас сарапшысы.

Германия тарапынан жасалып жатқан бұл жоба 2017 жылдың қыркүйек айында аяқталатынын ескерткен маман әлі де уақыт бар екенін айтты.

«Біз әлі де хабарлап, осындай жоба жүзеге асырылып жатқанын айтып жатырмыз. Көзі тірі қазақстандық әскери тұтқын болса, керек құжаттарын жіберіп, бізге хабарласса, Германияға тезірек жіберіп, өтемақы алуына мүмкіндік жасалады», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз