Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-3
USD
426
-1.25
EUR
495
-2.10
RUB
6.06
+0.02

Facebook-тегі «жазғыштар» жазалануы мүмкін – министр

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин министрден:

«Әлеуметтік желілердің жауапкершілігі туралы орынды айтып кеттіңіз. Шынында да әлеуметтік желінің кейбір пайдаланушылары кейде адамдардың жеке басының ар-намысына қоса, ресми тұлғалардың немесе мәдениет, әдебиет саласындағы елге танымал тұлғалардың ар-намысына тиіп жатады. Жалпы әлеуметтік желіде бұқаралық мәдениетті қалыптастыру өте күрделі мәселе деп ойлаймын. Осы мәселе жаңадан дайындалып жатқан бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда қарастырылған ба?», – деп сұраған еді.

Министр желілерде тексерілмеген ақпаратты жариялау немесе адамға тіл тигізу бүгінгі қоғамдағы үлкен проблема болып отырғанын баса айтты.

«Бұл адамдардың деңгейін білдіреді деп ойлаймыз. Цифрлық із қалады деген мәселе бар. Біз мұны ұмытпауымыз керек. 10-15 жылдан кейін алдан шыға келуі мүмкін. Мәселен АҚШ виза беру үшін адамдардың Фейсбукте, әлеуметтік желіде не жазғанын тексереді. Соған сараптама жасай келе виза бермеуі де мүмкін»,

– деді Дәурен Абаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз