Еуропалық Кеңес отырысында қабылданған шешім бойынша, санкциялардың ұзартылуы Украинаның шығысын бейбіт реттеу жөніндегі Минск келісімін орындауға қатысты бағаға негізделген.
Бұл туралы Abai.kz сайты хабарлайды. 2014 жылы маусымда ЕО және АҚШ Ресейді Донбастағы сепаратистерді қолдады деп айыптап, оның қорғаныс, энергетика және қаржы салаларына санкциялар енгізген еді. Бұл айыптауларды жоққа шығарған Мәскеу оған жауап ретінде Еуропадан жеткізілетін азық-түліктерге эмбарго енгізген болатын.