Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-10
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

“Еуразиялық одаққа неге кірдік?”. Қырғыздар Үкіметін отставкаға жібергелі жатыр

Парламенттегі «Үкімет сағаты» отырысына келген премьер-министр Сооронбай Жээнбеков пен «Ата Мекен» фракциясының лидері Өмірбек Текебаев сөз таластырып қалды. Осыдан кейін депутат үкіметке сенімсіздік білдіру мәселесін көтерді.

Парламенттегі «Республика – Ата-Жұрт» фракциясының лидері Өмірбек Бабанов та үкіметтің алдағы тағдырын шешу үшін арнайы отырыс өткізетіндіктерін мәлімдеді. «Қырғызстан ЕАЭО-ға кіргеннен кейін мемлекеттермен тауыр алмасу 19 пайызға азайған, экспорт 9 пайызға төмендеген. Үкімет ешқандай шара қолданбай отыр», – деді ол.

«Онугуу-Прогресс» фракциясының лидері Бакыт Торобаев үкімет елді қазіргі дағдарыстан алып шыға алмайды деп Жээнбеков өз еркімен отставкаға кету керек деді.

Үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков болса елдің ЕАЭО-ға кірудің ұтымды жағын көтеріп, бәрі өз уақытында шешіледі деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз