Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ет одағы биліктен ветеринарлық бақылауды күшейтуді сұрайды

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айынан бері Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарындағы малдың пастереллезден қырылуы салдарынан Ресей тарапы елімізден әкелінетін ет пен ет өнімдеріне шектеу салған. Бұндай шектеуден отандық экспорттаушылар 3 миллиард теңгеге жуық ықтимал табысынан айырылып отыр. Бұдан бөлек, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы сібір жарасына қатысты фактілер жағдайды ушықтыра түсіпті.

– Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жайылымдар, мал басының өсіміне қатысты басымдықтары ескеріле келе, жақын аралықта Ресей мен Қытайға миллиардтаған доллар өнімдер экспортталады деп жоспарланған. Ірі қара мал басын асылдандыру, осы бағыттағы экспорттық әлеуетті арттыру қолға алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 12 мыңға тарта ұсақ және шағын шаруашылықтар жеңілдетілген субсидиялар алып, мал басын өсірді. Алайда, ағымдағы оқиғалар жағдайды ушықтырып жіберді. Біз осыны ескере келе, мемлекеттен ветеринарлық бақылауды күшейтуді сұраймыз, – деді одақ басшысы Мақсұт Бақтыбаев.

Бұл ретте Қазақстанның ет одағы жайылымдағы малды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың базарлардағы ветеринарлық бақылауға, мал сою алаңдарын тексеруге қатысты ережені сақтау бойынша жауапкершілігін арттыру ұсынылды.

– Қазақстанның ішкі нарығы 100 пайызға етпен қамтамасыз етілген. Сондықтан да экспорттық әлеуетті арттыру үшін біз «Сыбаға» арқылы қаражат құя бастадық. Ендеше, біздің қаражаттың қайтарылымы да осы экспорттың жандануына тікелей байланысты. Егер экспорт болмай, нарық шығынды болса, біздің кәсіпорындарымыз да қарызға батады, төлем қабілеттілігі төмендейді.

Сондықтан да мемлекет экспорттың ашылуына баса назар аударса игі. Өйткені, қазақстандық ет пен ет өнімдеріне Ресей, Қытай, Иран және Парсы шығанағының үлкен сұранысы өсіп келеді, – деді Мақсұт Бақтыбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз