Толассыз нөсер жаңбыр болады деген болжамға байланысты, бүгін кешке және 15 шілде күні Алматы облысының өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін, тіпті сел жүруі ықтимал.
Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі хабарлады.
„Нөсер жаңбыр болады деген болжамға байланысты, бүгін кешке және 15 шілде күні Алматы облысының өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін, тіпті сел жүруі ықтимал», – делінген қалалық төтенше жағдай қызметінің таратқан хабарламасында.