Жексенбі күні Қостанай қаласының орталығында есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушыларға арналған жолда екі адамды қағып өлтірді. Жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына дереу келіп жеткеніне қарамастан, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.
– Бұл оқиғаға көп адам куә болған, – деп жазады kstnews.kz.
Қаза болғандар жолаушыларға арналған жолмен өтіп бара жатқан. Сол кезде Баймағамбетов көшесі жағынан «ZAZ Chance» көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, аталмыш көліктің жүргізушісі орталық көшеде басқа көлік жүргізушісімен жарысқан.
Көлікті басқарған адам бірден ұсталды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің қарсылық танытпағанын атап өтті. Жол апатына кінәлі адам медициналық куәландырудан өткен соң, оның қанында канабоидтер, яғни есірткі болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.