Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Есіңді жи, Айым». Мына қыз – пәктігін сатқалы жатыр

885

Сонымен, қойшы. Кеше жатарда өзім білетін әлеуметтік желілерді ақтарып отырып, бір сұмдық жағдайға тап болдым. Дінге жақын болмасам да, әлгі нәрсе сопаң етіп алдымнан шыға келгенде «Астафиралла» деппін. Мені шошытқан не дейсіз ғой?

Жап-жас қазақтың қызы. Жартылай жалаңаш қыз. «Жалаңаш қыз көрмегенсің бе?» деуіңіз мүмкін. Көрдік қой. Мені шошытқан қыздың жастығы, жалаңаштығы емес. Басқа. Суретінің астына жазып қойған жарнамасы шошытып отыр. Онда былай депті:

«Атым Айым. Жасым 18 де. Қазақпын. Студентпін. Платный бөлімде оқимын. Сол оқудың ақшасын төлеу үшін пәктігімді сатамын. Пәктігімнің бағасы — 2000 доллар. Қалталы азаматтарға құлаққағыс. Эскорттық қызметкеге де даярмын. Көңілдес болуға да әзірмін. Бірақ мұның бәрі — ақша. Бірге өткізген әр сағаттың, әр күннің бағасы әртүрлі».

Бұған не дейсіз? Рас, бұған дейін де үлкен қалада тұрған соң мұндайларды талай естігенмін.
«Қыздың пәктігі мұнша тұрады екен, сол пәктікті қайтадан тіккізу мұнша екен», деген сыбыс көп.

Бірақ ғаламторға суретін жүктеп, телефонын жазып, дәл осылай жарнама жасай қоймайтын шығар деп ойлаушы едім.

Соған да жетіппіз

Бұл — бір қыздың жарнамасы.
Ертең осыны көрген басқа қыздар ақшадан қысылған кезде «пәктігімді сатамын» деп, өздерін жаппай жарнамалай бастаса не істейміз. Біз қайда барамыз?

Бүйте берсек, ел болудан, ұлт болудан қалмаймыз ба?

Кеше ғана ашық мойнын, ашық білегін қымтап, тізеден көйлек киіп, ар-ұяттан аттамаған ибалы қыздарымыз бүгінгі күні не болып кеткен?

Бұлөте қауіпті тенденция. Әсіресе қазіргідей кедейлік пен жоқшылық жағадан алып, ұлтымыз иманнан безген шақта.

https://kaz.365info.kz/b-lingen-t-gi-zho-p-ktik-zhasatu-30-my-te-ge-t-rady-246672
Мұрат Жақыпұлы

Мақала VK-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз